Қоғам

Еңбек иммигранттарына жұмыс істеуге рұқсат берудің тәртібі оңайлатылды

Қазақстанға жұмыс істеу мақсатымен келген шетелдіктерге рұқсат алу үшін олар жергілікті көші-қон қызметіне барулары қажет. Сондай-ақ, олардың келуінің заңды екенін растайтын құжат пен жеке табыс салығын төлегендігі туралы түбіртекті тапсырулары тиіс.

Гүлнәр Қуандықова- Петропавл қаласы ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы.

-Көші-қон полициясына мынадай құжаттар тапсырылады: төлқұжат, көші-қон карточкасы, әрбір айға 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде жеке табыс салығының төленгені туралы түбіртек, сондай-ақ, сотты болғанын немесе болмағанын растайтын құжат пен сауалнама-арыз.

Шетелдіктер тексеріліп, фотоесепке алынады. Содан кейін барып рұқсат беріледі.

Гүлнәр Қуандықова- Петропавл қаласы ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы.

-Егер жеке тұлға еңбек иммигранттарын тиісті рұқсат қағазынсыз жұмысқа тартса немесе 5 адамнан артық келімсекпен үй шаруасымен айналысу туралы еңбек келісім шартын жасасса әкімшік жауапкершілікке тартылады.

Заңның аталған талабы бірінші рет бұзылса айыптылар – 30, екінші рет қайталаса 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Соңғысы 92 мың 600 теңгені құрайды.

 

Бакыт Садуакасов.