Билік

Теріскейде “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқау-көрмесінің облыстық кезеңі өтуде

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Елімізде бизнесті дамытуға, кәсіпкерлерді қолдауға ерекше көңіл бөлініп отыр.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының тапсырмасымен әзірленген Үүдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы арқасында облыста 29 жоба жүзеге асырылып, 1 мыңнан аса жұмыс орны ашылды.

“СҚО-ның үздік тауары” байқау-көрмесіне 50-ден кәсіпорын тауарларын әкелді. Халық назарына ұсынылған тауарлар көздің жауын алады.

Боштай Жүнісов, жеке кәсіпкер, Петропавл қаласы

– Бұл жылдам тұрғызылатын үйлерге арналған жылу блоктары.Мына түрі ресейлік технологиямен жасалған. Екінші блок Оралдан әкелінге станокпен құйылды. Бұл материалдармен 10 да 10 шаршы метр аумақты құрайтын үйді 10 күннің ішінде салып шығауға болады.

Оған қоса мұнда қазақтың қолданбалы ұлттық қолөнеріне де орын берілген. Домбыра, жетіген, астау, кебеже, сандық. Барлығы 15 шақты аспап, ыдыстың 8-ге трата түрін шебер – Жандос Мәдиқажыұлы өз қолымен жасапты. Бұйымдардың жиынтығы 30 мың теңгеден аспайды.

Жандос Мәдиқажыұлы, “Мадигаж” ЖК директоры, Ақжар ауданы

– Бұл іспен 2 жыл айналысамын. Шағын шеберханамды 2000 жылы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекеттен 1 млн. 200 мың теңге қайтарымсыз несие көлемінде грантын алып, өз ісімді аштым. Алда ресейден ағаш өңдейтін құрал алдырмақшымын.

Мынау театрдың екінші қабаты. Мұнда халық күнделікті тұтынатын азық-түліктердің бірнеше ассортименті жайлыған.

СҚО -сары алтынға бай өлке. Жер емген диқандар өндіріс көлемінің экспорттық әлеуетін арттыру үшін бүгінде жаңа технологияларды пайдалануда. Соның бірі Қызылту ұн-үгу комбинаты. Серіктестіктің өнімдерін Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан нарығына шығарғанына 15 жыл болыпты.

Серік Кежкин, Уәлиханов аудандық кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі

– Комбинат 99 жылдан бері жұмыс істейді. Кәсіпорын – блюллер техникасымен жабдықталған. Кәсіпорын тәулігіне бидайдан 250 тонна ұн үгеді. Оның 40% жоғары сұрыпты ал, 60% бірінші сұрыпты. Біз алда ұнды Еуропаға да шығаруды көздеп отырмыз.

Ал Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткіші тұрған алаңда ауыл шаруашылын ілгерілетуге мол мүмкіндік беретін жетілдірілген техникалар қойылды. “Сафокл-север” серіктестігі көрмеде ауыл шаруашылығы, тұрмысқа қажетті жаңа техникасын ұсынды. Әмбебап агрегатпен жер астынан су тартуға, шөп шабуға, ағаштарды кесуге, тіпті қысқы отын әзірлеуге болады.

Гүлшат Шакирова, “Сафокл-север WМ” ЖШС директоры, Петропавл қаласы

– Бұл техникаға қажетті құрал-саймандар ресейдің “Агат” зауытында жасалады. Зауытта шығарылған мына мотоблоктардың арқасында жерді өңдеуге, қыс мезгілінде қар тазалауға болады. Тіркемесі бар. Жалпы айтқанда алмалы- салмалы қосалқы бөлшектер көп. Олар шашылып, сынып қалса біз шығынды өтейміз, және оған толықтай кепілдік береміз.

Бұл байқауда топ жарған кәсіпорын өкілдері өнімдерін Астанада өтетін “Қазақстанның үздік тауары” республикалық байқау-көрмесіне шығаруға жолдама алады.

Берик Касен.