Қоғам

Шет елде білімін жетілдіріп келген азамат мемлекеттік қызметке орналасқанда бірқатар жеңілдіктерге ие болады

Арыстан Арсланбаев, СҚО әкімі аппаратының қызметкері

– Бүгінде барлық елдер экономикасын мықтап, бәсекеге қабілетілігін арттырып келеді. Ол көштен біз де қалыспаумыз тиіс. Бұл үшін әрбір қазақстандық елдің ертеңін ойлап, елімізді 30 дамыған елдің қатарына қосу үшін аянбай сапалы білім алып, жемісті еңбек етуі қажет. Әрине мүмкіншілігі болып жатса, шет елдің тәжірибесі толысқан университетерінде оқу керек. “Болашақ” бағдарламасы оқуын жетілдіре алмай жүрген қаншама қазақстандыққа өз жолын тауып, армандаған асуларына жетуіне көмектесті. Менің айтарым, ҚР-ның әр азаматы білімін сынға салып, міндетті түрде шет елде оқып келгені дұрыс болады.

Мынау Арыстанның жеке кабинеті. Өз қызметіне бар ынта-ықыласымен берілген азаматтың жұмыс орынынан артық затты таппайсың. Сөреде маңызды құжаттар, оң жақ қабырғада елбасының портреті, ал сол жағында теріскейдің толық картасы ілінген.

Арыстан Арсланбаев, СҚО әкімі аппаратының қызметкері

– Егер адам өз ісін ұнатса, ол жұмысында кеш батқанша дейін отыра беруі мүмкін. Ол үшін уақыттың шектеулігі емес, жұмыстың нәтижелілігі маңызды. Жалпы мен үшін мемлекеттік қызметкер болу – үлкен мәртебе. Мен оның қиындығына төзіп, суығына тоңуға дайынмын деп толық сеніммен айта аламын. Менің ойымша, әрбір жоғары білімді адам күйзеліске төтеп бере алатын, маңызды шешімдерді қабалдай алатын адам болуы тиіс. Өмірде мұндай шешім қабылдағаныма еш өкінбеймін. Керісінше, мен үшін өмір осы тұсымен мәнді көрінеді.

Елбасы идеяларының барлығы өміршеңдігімен ерекше. Оған дәлел – “Болашақ” бағдарламасы сәтті жүзеге асқанына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында 11 мыңнан астам жалынды жас президен стипендиаты атанды. Оның 100-ге жуығы теріскейлік. Бүгінде олар әр саланың тұтқасын ұстап, жетекші лауазымдарда қызмет етуде. Дені экономика мен инженер-техник мамандығын меңгерген екен.

Владимир Дудов, СҚО әкімі аппаратының басшысы

– СҚО-дағы жергілікті атқарушы органдарда 20-ға жуық “болашақ” бағдарламасының түлегі жұмыс істейді. Ол мемлекеттік қызметке орналасқанда бірқатар жеңілдіктер береді. Олардың қиялы ұшқыр, жан-жақты. Оларды біз автоматты түрде конкурссыз кадрлық резервіне енгіземіз. Олар ешқандай конкурстан өтпей-ақ, мемлекеттік қызметтің әр сатысында өзінің лайықты орнын ала алады.

Қазіргі таңда “Болашақ” бағдарламасы бойынша СҚО әкімі аппаратының тағы 3 маманы шетелдің озық университеттерінде білім алып жатыр.

 

Берик Касен.