Энергетика

“Севказэнергосбыт” ЖШС-де “жеке кабинет” атты жаңа қызмет түрі жұмыс жасауда

Тамара Пашкова – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы

– Ол үшін электр энергиясын тұтынатын тұрғындар аталған қызмет түрінің парақшасына еніп, тіркеу формасын толтыруы қажет. Онда міндетті түрде дербес-шотты көрсетіп, толық аты-жөні мен байланыс телефонын жазып, сақтаулары тиіс. Бұл қызмет түріне қосылу тұтынушының көп уақытын алмайды. Тіркеу формасын толтырған соң “Севказэнергосбыт” ЖШС-нің мамандары тұтынушыны орталыққа шақырады.

Бүгінгі таңда бұл қызмет түрін облыс орталығының 77-і электр тұтынушылары пайдалануда. Оның ішінде 11-і заңды, қалған 66-сы жеке тұлғалар қатарында. Жеке кабинетке тіркелем деушілер күн санап көбею үстінде – дейді орталықтағылар.

Тамара Пашкова – “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының міндетін атқарушы

 

– Біздің компания 2014 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап электр энергиясын тұтынушыларға арнап “Жеке кабинет” қызмет түріне қосымша операцияларды енгізетін болады. Мысалға, электр энергиясын есептегіш құрылғының көрсеткішін тексертуге өтініш беру мен тұтынған энергияның сол күнгі соммасын білуге болады.

Мұнан бөлек аталған компанияның тұтынушылары – көрсетілетін қызмет түрлерінің сапалығына қатысты өздерінің өтініш-тілектерін білдіре алады.

Бақыт Сәдуақасов.