Қоғам

Қаржы саласының маңдай алды маманы Фәни Тұяққызы – 65 жасқа толды

Роза Кашенова – эстетикалық музыкалық бағыттағы дарынды балаларға мамандандырылған өнер колледжі кешеніндегі мектеп-интернатының директоры

– Бұл күн мен үшінде өте қуанышты. Өйткені мен жұмысқа орналасқанда алғашқылардың бірі болып Фәни Тұяққызы маған көкмектесіп, өзінің ақыл-кеңестерін берген. Маған ол кезде басшылық ету өте қинда, бас есепші де директордан кейінгі буын ғой, сол себепті де ол кісінің кеңестері менің жұмысымды жеңілдетті. Мен Фәни Тұяққызына өз алғысымды айтамын.

Фәни Байтоқ 1949 жылы Есіл ауданы Мәдениет ауылында дүниеге келген. Бала кезінен агроном болуды армандапты. Бірақ әкесінің қалауы бойынша экономика саласында білім алған.

Фәни Байтоқ – зейнеткер

– Петровка селосында мектепті аяқтап. Қалада есеп-экономикалық техникумына түстім. Оны бітіргеннен кейін жұмыс істей бастадым. Қаржы саласында 40 жыл қызмет атқардым. Коллдежда 25 жыл, білім саласында 10 жылдай жұмыс істедім.

Қазіргі таңда Фәни Тұяққызы 2 ұлдың анасы, және де 3 немеренің әжесі болып отыр. Ақ жаулықты ананың екі бөлмелі пәтерінде қаз-қатарынан ілініп тұрған картиналарды байқамау қиын. Суреттердің көбісін оған білім ошағының студенттері сыйға берген. Сол кезден бастап тамаша туындыларды жинауды бастаған екен. Бүгінде зейнеткерде 10-нан аса картина бар екен.

 

Риат Шони.