Ауыл шаруашылығы

Өңірде бал жинау науқаны басталды

Олег Гаврилов – СҚО омарташылары ассоциациясының төрағасы

– Бал жинау науқанына кірістік. Аралар ұяшықтарын балауызбен жаба бастаған уақытта бал пісіп-жетілген болып саналады. Әр ара тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді. Күндіз олар шырын жинаса, түн уақытында қанаттарымен өнімді желдетіп, балауыз жабады.

Омарташылар биыл 10 тоннаға тарта өнім алуды көздеп отыр. Балды жинау үшін мынадай арнайы құрылғы қолданылады. Бір балауыз ұяшығынан 4 жарым келіге дейін табиғи таза өнім алуға болады.

Олег Гаврилов – СҚО омарташылары ассоциациясының төрағасы

– За счет центробежной силы мед выплескивается на стенки медогонки и потом сливается.

Омарташының айтуы бойынша өңірде аталмыш кәсіппен айналысу үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Облыс жайылымдарында алуан түрлі шөптер өседі. Далалық шөптер гүлдеп болған соң, аралардың жанұясы майлы тұқымдастар себілген алқаптарға көшіріледі. Бүгінде Олег Гаврилов “Петерфельд-Агро” ЖШС-мен әріптестік орнатқан. Мысалы мына рапс алқабы мал және өсімдік шаруашылығымен қатар айналысып келетін серіктестікке тиесілі. Агроқұрылым басшылары аталған екіжақты әріптестікке қуана келісуде.

Виктор Ковальский -“Петерфельд – Агро” ЖШС бас агрономы

– Біз осымен екінші жыл қатарынан рапс өсіріп келеміз. Өткен жылы 1,5 мың га аумаққа сепсек, биыл 2 мың гектар алқапты аталған майлы тұқымдасқа бөлдік. Бұл омарташылар үшін пайдалы. Шипасы мол өнім алады. Оларға біздің алқаптарымызға жол ашық. Өйткені, бізге де өсімдіктерді тозаңдандыру керек. Сондықтан, бұл өзара тиімді серіктестік.

Соңғы уақытта өңірде ара шаруашылығы жақсы жолға қойылып келеді. Қазірде ассоциацияға 100 омарташы біріккен, олардың 20-сы биыл ғана қатарға қосылыпты. Үстіміздегі жылы ассоциациядағыдар 15 млн теңгенің құрылғысын сатып алған. Оның арқасында ара ұясының негізі жасалады.

Олег Гаврилов – СҚО омарташылары ассоциациясының төрағасы

 

– Біз өзге омарташылардан балауыз сатып аламыз. Ал өзіміз одан арнайы ұяшықтар әзірлейміз. Сондықтан, балауыз сатамын дегендер, бізге келсе болады. Өз кезегінде олар келесі жылғы өнім жинауға қажетті ара ұяшықтарын сатып ала алады.

Жыл басынан аталған ұялардың 2 тоннасы дайындалып, ара шаруашылығымен айналысатын жерлестерімізге сатылыпты. Алдағы уақытта ассоциациядағылар омарта жасауды да қолға алмақ.

Шохтыбаева Гульмира.