Қоғам

Күн өткен сайын алимент төлемеген борышкерлердің саны артуда

Ольга Донец – Андрей Донецтың бұрынғы әйелі

– Оны таба алмай жүргендіктен ешкім ешқандай шара қолдана алмайды. Сот орындаушылары да қиналып жүр.

Ал Жамбыл 1А қысқа көшесіндегі мекенжайда сот орындаушыларына есікті ешкім ашпады. Бұндай жағдайлар аталған мамандардың тәжірибесінде молынан кездеседі. Бір борышкер 3 мекен жайды мекендеуі мүмкін. Ал туыстарының алиментшіні жасыруы борышты өндіріп алуды одан бетер қиындатады. Жыл басынан бері 6305 орындау құжатының 565 жабылған.

Қарлыгаш Абаева – СҚО сот актілерін орындау департаментінің алимент төлемдерін өндіру бөлімінің жетекшісі

– 2014 жылдың басынан сот актілерін орындау департаментінің сот орындаушылары 53 тұлғаға айып пұл салды. 10-ын қамауға алынды.

Сонымен қоса борышкерлерге қолданатын тағы бір жазаның түрі ол Қазақстан Республикасының шекарасынан асуға тыйым салу. Қазіргі таңда бір балаға төленетін алименттің құны 30 мың 120 теңге.

Риат Шони