Бизнес және экономика

Кәсіпкерлер санын арттыру

Дмитрий Тонконогов, курсқа қатысушы

– Менің ойымша өңірімізде саңырауқұлақты қолдан өсірумен ешкім айналыспайды. Сондықтан
мен алда осы кәсіпті қолға алсым деймін. Қазір осы іске қатысты бизнес-жоспар құрып қойдым. Енді оны білікті мамандардың көмегімен өңдеп, кемшін тұстарын түзету қажет. Алда жобам мақұлданып жатса, дітеген мақсатыма жетпей қоймаймын.

Осыған дейін кәсіпкерлікті меңгерудің бастапқы курсынан 30 теріскейлік өтіп, оның 4-еуі бизнес жоспарын сәтті қорғап сертификатқа ие болған. Ал мынау екінші топ оқуларын тамыздың 4-і бастады.
оған да 18 бен 29 жас аралығындағы 30-ға жуық тыңдаушы қатысып жатыр.

Гүлмира Жакупова, СҚО “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қорының бас менеджері

– 12 күндік курс “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аямында тегін жүргізіліп жатыр. Аталмыш бағдарлама Қазақстан жастарын кәсіпкерлікпен айналысуға шақырып, елімізде жұмыссыздар санын қысқартуды көздейді.

48 сағатқа шақталған бұл курс аяқталысымен, тамыздың 25-і жәрмеңке өтеді. Оған өңірдегі екінші деңгейлі банк өкілдері қатыспақ. Болашақ кәсіпкерлер оларға өз жобаларын көрсетеді. Ұшқырлары қолдауға ие болуы әбден мүмкін.

Берик Касен.