Спорт

Еліміздің 17 құрамасы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өткен чемпионатта бақтарын сынады

Ал, эстафетада ОҚО топ жарды. Жергілікті спортшылар ширақ жауынгерлік іс-қимылдары бойынша ерекшеленді. Сондай-ақ, жарыс төрешілері құрамалардың ұйымдасып жұмыс жасауына да аса үлкен мән берді. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру машинасына жылдам мініп, қысқа уақытта дұрыс шешім қабылдау да спортшыларға қойылған талаптың бірі. Қалыптасқан дәстүрге сай сынның бұл кезеңінде үздік атанған командаға өртке қарсы күрес қызметінің ардагерлері кеңесінің атынан 100 мың теңге тарту етілді.

Руслан Ғабдуллин СҚО құрамасының жаттықтырушысы

– Мен өз жігіттеріме өте қуаныштымын. Бүгін міне біз қанат жаю кезеңінде бірінші орын алып отырмыз. Биыл жетімдер үйінен шыққан балалар бірінші рет дайындалып, бірінші орынға қол жеткізіп отыр. Келешекте осы спорт түрін дамытамыз деген ойдамыз.

Ал, республикалық турнирдің жеңімпазы ұпай санына қарай айқындалды. Оларға сыйлықты облыс әкімінің орынбасары Владимир Бубенко табыс етті. Турнирде үздік үштікті сыр бойының жеткіншектері тұйықтады. Екінші орынды өткен жылғы жарыс чемпионы- Батыс Қазақстаннан келген өрендер иеленді. Ал, ШҚО жасөспірімдері үздік атанды.

Құраманың баптап жүрген Валентин Долматов аптасына 5 рет жаттығамыз дейді. Осының арқасында командасы үлкен биіктерді бағындырып жүр.

Валентин Долматов – ШҚО құрамасының бас бапкері

– Құрамамды жаттықтырып жүргеніме біраз жылдың жүзі болды. Жарысқа 9 спортшыны әкеліп отырмын. Сайыстың нәтижесіне сәйкес 7 жүлделі орынға ие болдық. Оның ішінде екеуі алтын. Бұл көрсеткішке команда мүшелерінің жыл бойына үздіксіз дайындалғанының арқасында жетіп отырмыз.

Біздің жерлестеріміз турнир кестесі бойынша 6-шы орынға тұрақтады. Чемпионатта 17 құрама бақ сынады.