Білім

Теріскейдегі Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларды күзге дейін қабылдайды

Ләззат Сейпетденова, Жамбыл ауданының тұрғыны

– Қазам осы мектепті ойдағыдай бітіріп, өз жолын тауып, еліне пайдасын тигізетін азаматы болсын деймін.

Жаңадан ашылып жатқан инновациялық білім ошағында оқығысы келетіндердің қатарында Қарлығаш Қанағат та бар. Қазақ мектеп-гимназиясының оқушысы өткен оқу жылын кілең беске бітірген. Ол биыл да осы алған бағытымнан таймай, үздіктер қатарынан көрінгісі келеді.

Қарлығаш Қанағат, Перопавл қаласының тұрғыны

– Мен емтиханды ойдағыдай тапсырым Назарбаев мектебіне оқуға түскім келеді. Өйткені, мұнда әр ауданнан мықты ұстаздар жиналып отыр.

Назарбаев зияткерлік мектебіне оқуға қабылдау 30 маусым басталды. Қазіргі таңда 360 солтүстікқазақстандық осында оқуын жалғастыруға өтініші берген. Басым көпшілігі 7 мен 9-сынып оқушылары.

Нұргүл Қазиева, Петропавл қаласындағы “Назарбаев зияткерлік мектебіне” құжат қабылдау жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары

– Байқауға қатысу үшін сауалнаманы толтырып, өтініш беру керек. Үміткердің туу туралы куәлігі, 0-86 у формасындағы медициналық анықтамасы керек. Үміткердің тұрғылықты мекен-жайын бойынша тіркеу қағазын сұратамыз. Мектеп директорының қолы және мөрімен расталған соңғы оқу жылындағы табелінің көшірмесі. Оқушының жеке сәйкестендіру нөмірі мен ата-анасының төлқұжаты керек.

Еске салайық, бұл мекемеде сапалы білім алуға оқу екпінділері мен үлгерімі нашар оқушылардың да мүмкіншіліктері бар. Бастысы тест сынағынан сүрінбесе болғаны.

Нұргүл Қазиева, Петропавл қаласындағы “Назарбаев зияткерлік мектебіне” құжат қабылдау жөніндегі комиссия төрайымының орынбасары

 

–  Біз 4-ке, 5-ке, тіпті 3-ке оқыған балаларды да қабылдаймыз. өйткені ол бала өзінің бағын сынап көруге толық құқылы. 7-сыныптарға математика, ағылшын, қазақ тілі, орыс тілінен сынақ тапсырады. Екінші күні ойлау қабілетін анықтайтын тест өткіземіз. Осы екі сынақтан сүрінбей өтсе, республикалық комиссия грант беру жөніндегі жөніндегі мәселені қарастырады.

Жалпы бүгінде ел бойынша 15 Назарбаев зияткерлік мектебі ашылды.

Берик Касен.