Құқық қорғау органдары

Қару-жарақ сақтайтын азаматтар темірсандықтарына дабыл жүйесін орнатулары қажет

Ринат Багаутдинов – СҚО ІІД Петропавл қаласы ІІБ лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің аға инспекторы

– Иір ойықты мылтық, тегіс оқпанды, травматалолгиялық, газ, электрлік қару-жарақ иелері 2014 жылдың 30 қыркүйегіне дейін міндетті түрде дабыл жүйесін орнатулары қажет. Бұл қару иелерінің мүлкін тонаудың алдын алу үшін ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда қала тұрғындарында 13 мыңға жуық қару-жарақ тіркелген. Оның ішінде 5530 оқ ататын, 4414 тегіс оқпанды жарақтар. Сонымен қатар жаңашылдықтан бөлек, 21 сәуірде басталған заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу акциясы да жалғасын табуда. Бұл мақсатқа 18 млн. теңгеге жуық қаржы бағытталған.

Ринат Багаутдинов – СҚО ІІД Петропавл қаласы ІІБ лицензиялау және қару айналымын бақылау бөлімшесінің аға инспекторы

 

– Өз еркімен қару-жарақ тапсырған азаматтар қылмыстық және де әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Тапсырған қарулар үшін үкімет тарапынан сыйақы беріледі.

Үстіміздегі жылдың 7 айында қала тұрғындары полицияға өз еркімен 75 бірлік оқ ататын, 65 тегіс оқпанды және де 10 иір ойықты мылтықтар тапсырған.