Қоғам

Петропавлда «Home Fashion Week 2014» халықаралық сән және сұлулық байқауы өтеді

Гүлнәр Жансарина – “Будущее в мире и согласии” қоғамдық қайырымдылық қорының үйлестірушісі

– Бұл – үлкен қайырымдылық шара. Байқауға қатысушылардың қатары қалың. Қазылар алқасымен бірге мәскеулік “Лилос” халықаралық сән агенттігінің өкілдері сән үлгілерін он-лайн режимінде бағалайтын болады.

Байқаудың қатысуышаларына сыйлықтар әзірлеп жатқан – демеушілер. Қолдаушылардың қатарында белгілі косметикалық фирмалар, сұлулық салондары, мейрамханалар мен фитнес-клубтар бар. Бұл – олар үшін қайырымдылық жасап, өздерінің тауарлары мен қызметтерін таныстырып қалудың бір мүмкіндігі.

Елена Буравлева, «Carelle» сұлулық салонының менеджері

– Біздің байқауға қатысудағы мақсатымыз – қайырымдылық. Табысы төмен әйелдерге сапалы косметиканы қолдануға мүмкіндік туғызу.

Евгения Холодных, «Мary Кay»бизнес тобының тәуелсіз көшбасшысы

– Мен қайырымдылық акция асында біздің компания туралы әңгімелеп, жаңа әтірлерді сыйға тарту етеміз. Қымбаты, қыз-келіншектер, байқауды қалт жібермеңіздер.

Байқауды тамашалаймын дегендерге есік ашық. Шара тамыздың 15-і мен 17-сі аралығында қалалық мәдениет үйінде өтеді.

 

Данаш Хамзина.