Денсаулық сақтау

Нашақорлықтың алдын алу

Алтынай Есқалиева – ҚР ДСМ штаттан тыс бас наркологы, Павлодар қаласы

– Ол бүгінгі күнге дейін бірнеше жылдық ведомствалық жұмыстардың күшеюі деп ойлаймыз. Және наркологтардың жұмыстарын әрі қарай жетілдіру, соған байланысты. Бүгінгі таңда біздің наркологиялық саламызда – наркологиялық көмек көрсету, нашақорлықтың алдын алу мақсаты бірінші орында тұр.

Қазір еліміздің 10 аймағында есірткіге тәуелді адамдарды емдеп-сауықтыратын орталықтар жұмыс жасауда. Бірақ, өзін-өзі қолға алып, түзу жолға түсуге ниеттенгендердің саны көп емес көрінеді. Негізінен нашақорлықтың бас көтеруі әлеуметтік жағдайға байланысты дейді мамандар. Қазір есірктіге тәуелділік еліміздің оңтүстігі мен шығысында өршіп тұр.

Алтынай Есқалиева – ҚР ДСМ штаттан тыс бас наркологы, Павлодар қаласы

– Нашақорлардың ең көп тіркелген жері Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Алматы мен Астана қалаларында. Ал Шығыс Қазақстан облысында нашақорлыққа шалдыққандар саны көптеу.

Кейін мейман теріскейдегі нашақорлық ахуалынан құлағдар болды. Ол жайында облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер-наркологы хабардар етті.

Елена Смагина – облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер-наркологы

 

– Облыстық наркологиялық орталықта 2014 жылдың жарты жылдығы бойынша 762 нашақор тіркеуде тұр. Соңғы 2-3 жылда өңірде есірткіге тәуелді азаматтардың саны біршама азайғаны байқалады. Петропавлда нашақорларға арналған орталық пен 3-ші қалалық ауруханада 94 орынға шақталған стационар жұмыс жасайды.

Жиын соңында бас нарколог әр аймақтағы нашақорлардың емдеу жайын қозғап, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Бақыт Сәдуақасов.