Қоғам

Жұмысқа тұруға рұқсат беру тәртібі жеңілдеді

Айнагүл Құдабаева – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы

– Ағымдағы жылдың сәуір айынан облыстық көші-қон полициясында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген еңбекші көшіп-келушілерге рұқсат беру жөнінде жұмыс жүргізілуде. Сәуір айынан қазіргі уақытқа дейін 541 шетелдікке еңбек етуге рұқсат берілді. Жаңа заңнама заңды жұмыс етуге мүмкіндік береді

Сонымен қатар көші-қон полициясы заңсыз келген шетелдік азаматтарды да анықтауды қатаң бақылауларына алған. Олар қаладағы сауда орындары мен сапаржайларды жіті тексеруде.

Айнагүл Құдабаева – СҚО ІІД көші-қон полициясы басқармасының бөлім басшысы

– 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс аумағына 9365 шетелдіктер келді, оның ішінде алыс шетелден 281 адам. Бақылауды жүзеге асыру мақсатында, заңсыз келген шетелдіктерді сапаржайда, базарларда, жеке үйлерді ұдайы тексерулер жүргізіледі. Жылдың басынан бастап әр түрлі баптар бойынша 1580 шетелдіктер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Солтүстік Қазақстан облысында көші-қон үдерісі ерекше байқалады. Жыл басынан 1300 азамат өңір аумағынан кетсе, оның 1175 Ресей Федерациясына қоныс тепкен. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 52 пайызға артық. Мамандар қоныс аударудың сан қырлы себептерін атап отыр. Александр Колобаев Петропавлда 40 жыл тұрыпты. Енді отбасылық жағдайға байланысты РФ Челябі облысына кетуді жоспарлап отыр.

Александр Колобаев

– Зейнетке шықтым, енді Ресейге кетіп барамын. Онда әйелім, балаларым тұрады. Көші-қон полициясына анықтама алуға келдім, құжаттарымды ресімдеп жатырмын.

Сонымен қатар статистика департаментінің мәліметі бойынша, облыс тұрғындары санының азаюы – аймақаралық көші-қонға айтарлықтай әсер еткен көрінеді.

 

Бакыт Садуакасов.