Балалар

Терісейлік би ұжымы халықаралық байқауда жеңімпаз атанды

Ирина Кузьмина

– Балалар біздің сенімімізді ақтады. Міне, тағы да лауреат атанып отыр. Біз оларды мақтан тұтамыз.

Евгений Кузьмин бимен 7 жылдай айналысады. Бұл байқауда әртістік шеберлігі үшін арнайы дипломмен марапатталыпты. Дуэт номинациясында олар саңырау адамдардың өміріне құрылған биді ұсынған екен.

Евгений Кузьмин – “Sensitive” балдық би ансамблінің қатысушысы

– Біздер үлкен сахнада еліміздің намысын қорғап шықтық. Жеңіп алған номинация біздер үшін күтпеген сый болды. Мен өте қуаныштымын.

Бұл сапар өнерлі жастардың тәжірибе жинақтауларына мол мүмкіндік берген. 10 күн бойына байқаудың 160 қатысушысы түрлі би бойынша шеберлік-сыныптарын көрсеткен еді.

Ольга Ростовщикова – “Sensitive” балдық би ансамблінің жетекшісі

– Шеберлік-сыныптары үнді, болгар және классикалық би бойынша өткізілді. Жеткіншектермен Санк-Петербург қаласының Маринский театрының үздік ұстаздары жұмыс жасады. Оған қоса әр балаға сертификаттар табысталды.

Ұжымның алға қойған жоспарлары орасан. Би ансамблінің мүшелері – келер жылы Испанияда болатын би байқауына да шақырту алыпты.

 

Бакыт Садуакасов.