Өнеркәсіп

“Теңізшевройл” компаниясының өкілдері теріскейдегі ірі зауттарды аралады

Владимир Ковшов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директорының м.а.

– Біздің зауыт “Теңізшевройл” компаниясы қойып отырған талаптарға жауап береді. Кәсіпорындағы қондырғылардың барлығы жаңартылған. Болашақта қуатымызды арттырсақ дейміз.

“Теңізшевройл” ЖШС серіктестігінің өкілдері Петропавл ауыр машина зауытының қауқарына бұрынан бері сырттай қызуғушылық танытып жүргендерін жасырмады. Кейін олар көп профилді жабдықтар зауытында болды. Кәсіпорын негізінен кен орындарын бұрғылау құрылғыларын шығарады. Соңғы жылдары мұнай өңдеуге арналған жабдықтарды құрастыруда. Зауыттағылар өткен жылы 815 млн. теңгенің тапсырысын орындаған.

Сағадат Ақжанов, Көп профилді жабдықтар зауытының коммерциялық директорының орынбасары

– Зауыттың соңғы кезде экспорт көлемі ұлғайып келеді. Өткен жылы Өзбекстан мен Ресей Федерациясының тапсырысын орындадық. Шет елдіктер де алдыңғы жылдары осылай келіп кәсіпорынды аралап кеткен болды. Енді «Теңізшевройл» компаниясымен де келісім-шартқа отырып, ортақ жобаны қолға аламыз деген үміттеміз.

Меймандар ертең де облыс орталығындағы бірқатар зауыттарды аралап, тыныс-тіршілігімен танысады. Артынан өзара әріптестік жөнінде меморандум жасасуы да әбден мүмкін.

Берик Касен.