Қоғам

Өрт сөндіру-құтқару спортынан 4-ші ҚР чемпионаты жалауын көтерді

Айбек Махметов – ҚР “Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер спорт федерациясы” ҚБ атқару комитеті директорының орынбасары

– Бүгін біз Қызылжар қаласында жасөспірімдер арасында 4-і өрт сөндіру-құтқару спортын өткізуге жиналдық. Бұл жарысқа 14 облыс пен 3 қаланың мамандандырылған колледждері қатысып отыр. Жарыста жеңген команда Алматыда өтетін әлем чемпионатына қатыса алады.

Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты 3 топта сынға түседі. Әр құраманың сапында 9 спортшыдан болуы тиіс. Сайысқа түсушілер үшін алғашқы сынның бірі дуалдан секіріп, қолжеңді алып, арнайы бөгетпен жүгіріп 100 метрлік қашықтықты бағындыру қажет.

Дәулет Қалмахан – қатысушы, ОҚО

– Мен осы жылы Байқоңыр қаласында 100 метрлік қашықтықта 3 орын алғам. Енді командамен бірігіп жүлдеге ілігеміз деп ойлаймын.

Өңіріміздің намысын қорғағалы тұрған спортшылар да сынға мықтап дайындалғандарын айтуда.

Иван Давидюк – қатысушы, СҚО

– Мен бұндай жарыста алғаш рет қатысқалы тұрмын. Қазақстанның барлық облысынан мықты командалар келді. 1 орынды аламыз деп ойлаймын.

Бұндай сайыс өткен жылы Шымкент қаласында өткен болатын. Ол сында Батыс Қазақстан Облысы мықты атанып, екі жыл қатарынан жүлделі бірінші орынды ешкімге бермей келе жатыр. Осы жолы да бірінші орыннан дәмеліміз дейді Батыс Қазақстан Облысының бапкері Александр Петров.

Александр Петров – БҚО бапкері

– 2 жыл қатарынан Қазақстан Республикасының чемпионы атанғанбыз. Былтыр әскери өрістетуден рекорд қойғанбыз. Құраманың сапында әлем чемпионатына қатысқан Алексей Колесников, Сергей Андрюшенко сынды мықты спортшылар бар. Бұл жолы жеңіске жетеміз деп сенемін.

Жалпы дода 3 күнге жалғасады. Жеңімпаз облыс құрамасына 100 мың теңге ақшалай сыйақы табысталады.

 

Риат Шони.