Қоғам

Өңір прокурорлары жартыжылдықтың қорытындысын жариялады

Арман Нұртазин – СҚО бірінші прокуратура басқармасының жетекшісі

– 2014 жылы 5 наурызда құрылыс колледжінің директоры Бабжановқа қатысты ҚР қылмыстық кодекстің 176 бабы 4-ші бөлігінің “Г” тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал ағымдағы жылдың 12-ші мамырында сот үкімімен 314 баптың 1-ші бөлігі бойынша кінәлі деп табылып 3 жыл сынақ мерзімімен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жемқорлық фактілері облыс орталығы мен қатар аудандарда да тіркелген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын бұзуға жол бергені үшін 36 тұлға тәртіптік жауакершілікке тартылған.

Арман Нұртазин – СҚО бірінші прокуратура басқармасының жетекшісі

– М. Жұмабаев ауданының құрылыс бөлімін тексерген уақытта қылмыстық жаза қолдану бойынша өрескел бұзушылықтар анықталды. 2013 жылы желтоқсанның 23-де құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы Антоновамен 4,5 млн. теңге тұратын 1 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы бойынша жалған жұмыс қабылдаған. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалған. Нәтижесінде Антонова 2 жылға бас бостандығынан айырылған.

Жыл басынан прокурорлық тексерістердің нәтижесінде мемлекетке 521 млн. теңгеден артық шығын, 27 жер учаскесі қайтарылған. Сонымен қатар 2014 жылдың бірінші тоқсанында прокурорлар 2700 азаматтық іс бойынша сот тыңдалымына қатысып, нәтижесінде мемлекет бюджетіне 900 млн теңгеден аса шығынды қайтарған.

Шолпан Әбдірахманова – СҚО прокуратурасының сотта мемлекеттің мүддесін білдіру басқармасының жетекшісі

– Сот дауларын қысқарту үшін “Бітімгершілік” жобасын жүзеге асыру бойынша шаралар қолданылды. Дөңгелек үстелдер өткізілді. Сотта анықталған заң бұзушылыққа бағыт беру тиімділігі артты, енгізілген 27 жеке анықтау бойынша 19 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 2 қылмыстық іс қозғалды.

Кездесу соңында прокурорлар БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Риат Шони.