Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Теңізшевройл» ЖШС өкілдері облысқа келді

Тим Миллер – «Теңізшевройл» ЖШС бас директоры

 

– Өткен жылы біз мұнай бұрғылау жөнінен рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік. Жалпы өндірілген мұнай көлемі 27 миллион тоннадан асып жығылды. Кәсіпорын жұмысындағы басты көрсеткіш – техника және қауіпсіздік саласындағы көшбасшылық. Алда қазақстандық компаниялармен бірлескен кәсіпорындар ашу ойымызда бар.

Алпауыт компания өкілдері солтүстік өңірге қатысты жоспарларымен де бөлісті. Солтүстікқазақстандықтар облыс экономикасы үшін тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға әзір. Жиында облыс әкімі алдағы уақытта жемісті серіктестікке ниетін білдірді.

Ерік Сұлтанов, СҚО әкімі

– Сіздердің 20 жылда қол жеткізген жетістіктеріңіз таң қалдырмай қоймайды. Әсіресе, жұмысты ұйымдастыру, еңбекті қорғау және қауіпсіздік жайы жақсы жолға қойылған. Біздің жұмысшылардың сіздің мамандардан тәжірибе жинақтағаны маңызды. Біз де, алдағы уақытта сіздің ірі жобаларыңызға ат салысамыз деген ойдамын. Дегенмен, компанияның стандартқа қатысты өз талаптары бар. Сондықтан, бізге осыған қатысты ақпарат берілсе деген үміттеміз.

Кездесу соңында екі тарап бір-біріне естелік кәдесыйларын тарту етті.

Шохтыбаева Гульмира.