Білім

Бір айдан кейін жаңа оқу жылы басталады

Әсемгүл Омарова – ата-ана

– Биыл міне біз мектепке дайындалып жатырмыз. Ұлым менің биыл даярлық тобына барады. Сол себептен біз бүкіл медициналық кабинеттерден өтіп жүрміз. Міне дәрігерлердің көмегін алып жатырмыз, баланы физиологиялық психологиялық тұрғыдан қалай мектепке даярлау керек екенін бізге психолог дәрігерлер, невропатологтар, логопедттердің көмегіне жүгінеміз.

Қазіргі күні қалалық балалар емханасы 15 жасқа дейінгі 25395 жеткіншекке қызмет көрсетеді. Соның ішінде ҚР ДСМ 145-ші бұйрығына байланысты скринингтік алдын-ала тексеруден 3 жас пен 6 жастағы 3685 балғын тексерілулері тиіс. Ағымдағы жылдың 7 айында осы жастағы 1745 бала өткен екен. Бұл негізінен мектепке дейінгі және мектепке баратын жастағы балалар болып отыр.

Римма Мурай – “Қалалық балалар емханасы” ШЖҚ КМК профилактика бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы

– Скринингтік тексерістен мектепке дейінгі жастағы балалар тіркелген емханасында өте алады. Ал мектепте оқитын не болмаса даярлық тобына баратын жеткіншектер өздері тәлім-тәрбие алып жүрген мекемде тексеріледі. Мұндай шаралардың басты мақсаты – балалар арасында кездесетін ауруларды ерте кезден анықтап, арнайы міндетті тексерістен өткізу болып табылады.

Жалпы мектепке баласын даярлау үшін әр ата-ана 10-ға тарта кабинеттен өтуі тиіс. Бұл тек мектепке қабылданар алдындағы керекті құжаттардың бір парасы ғана. Мұнымен бірге баланың мекенжай анықтамасы да қажет. Оны енді электрондық үкімет порталы арқылы ала алады.

Қарлығаш Садриева – ХҚКО инспекторы

 

– Анықтаманы электронды түрде алу үшін “егов.кз”-те тіркеліп, электронды цифрлы қолтаңбаға ие болу қажет. Тек ол үшін балаңыздың жеке сәйкестендіру нөмірін білген абзал. Осыдан кейін тапсырыс электронды цифрлы қолтаңба арқылы расталады да бірнеше секундттан соң анықтамаңыз дайын болады. Дәл осы принцип бойынша электрондық үкімет порталы арқылы анықтаманы некелеріңіз 2008-ші және одан кейінгі жылдары тіркелген болса жұбайыңыздың да атына да алуға болады.

Бакыт Садуакасов.