Қоғам

Теміржолшылар төл мерекелерін атап өтті

Владимир Бубенко, СҚО әкімінің орынбасары

– Барлық сала еңбеккерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын. Еңбектеріңіз жана бересін. Темір жол саласы өркендей берсін.

Бұл күні бірқатар қызметкерлердің еңбегі ескерілді. Оларға облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары тапсырылды. Ал, Петропавл станциясындағы Оңтүстік Орал темір жолының ұжымына өңір басшысының алғыс хатын орынбасары Владимир Бубенко табыстады. Александр Клейменовтың қуатпен қамту станциясында диспетчер болып еңбек етіп жатқанына бес жылдың жүзі болыпты. Бұл кісінің де еңбегі ылайықты бағасын алды.

Александр Клейменов, Оңтүсітік Орал темір жолының Петропавлдық бөлімшесінің қызметкері

– Салтанатты жиында марапаттайтыны туралы кеше ғана естідім. Бұл мен үшін үлкен қуаныш, еңбегім еленіп жатыр. Біздің жұмысымыз өте жауапты, міндетті абыройлы атқару үшін барынша тырысатын боламын.

Теміржолшы мамандығын күш-қайтарына берік адамдар ғана алып жүре алады. Себебі оларға жолаушылар өз өмірлерін сеніп тапсырып, сапарға шығады. Мереке иелерінің қуаныштарына ортақтасуға петропавылдықтар көптеп жиналды. Олар сала қызметкерлері сенімді ақтап келеді дейді.

– Барлық қызметкерлерді мерекелерімен құттықтаймын. Оларға денсаулық, жұмыста табыс тілеймін.

– Мен өзім 44 жыл бойы темір жол саласында еңбек еттім. Барша теміржолшыларды мерекелерімен құттықтаймын.

Салтанатты жиын концертке ұласты.

Саханада “Қызылжар” ансамблі, “Туған жер” би ұжымы өнер көрсетті.

 

Бакыт Садуакасов.