Құқық қорғау органдары

СҚО-нда орманда саңырауқұлақ теріп жүріп адасып кеткен әйел табылды

Сұлтан Ережепов, СҚО ІІД криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары

– Зоя Сергеевнаны іздеу жұмыстарына ІІД-нің 20 қызметкері, аудандық ІІБ-нің жеке құрамы, 6637 әскери бөлімінің қызметкерлері мен құтқарушылар, сондай-ақ, жергілікті тұрғындар да қатысты. Сондай-ақ, тікұшақпен де іздестірдік.

Қазір кейуана 3-ші қалалық аурухананың реанимациялық бөлімшесінде емделуде. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр дейді.

Андрей Кухарук, 3-ші қалалық аурухананың анестезиолог-реаниматолог дәрігері

– Науқас ауруханаға жеткізілген кезде халі мүшкіл болды. 5 күн бойы далада сусыз жүргендіктен әбден әлсіреп қалған. Қазір ол жан сақтау бөлімшесіне жатқызылды. Ол біздің жіті бақылауымызда.

Зоя Сергеевнаның туыстары іздеу жұмыстарына қатысқан барлық азаматтарға алғыстарын жаудыруда. Олар осы жолы өмірде қайырымды жандардың аз емес екеніне көз жеткізген.

Сергей Нетесов, туысы /ауд/ “Іздеу шараларына қатысқан барлық адамдарға үлкен алғысымды білдіремін. 5 күн бойы біздің жанымыздан кетпей, бірге іздестіріп, зор қолдау көрсетті. Қазіргі үмітіміз – анамыздың сауығып кетуі”.

Полиция қызметкерлері жалпы осындай жағдай туындағанда бірден ішкі істер органдарына хабарлау қажет екенін ескертеді. Сонда жоғалған адамды табу мүмкіндігі арта түседі.

 

Данаш Хамзина.