Балалар

Шығармашылық ұжым тәрбиеленушілері “Балдәурен” лагерінде демалуға жолдама алды

Александр Штро – облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының әдіскері

– Балалар мен жетекшілердің бұл орталықта жақсы демалуына мүмкіндік туып отыр. Балғындар жазғы демалыстарын қызықты өткізеді деген сенімдемін. Олар лагерде өздеріне жаңа достар тауып, уақыттарын қызықты өткізетін болады.

Аталған өнер ұжымдары осы жылдың сәуір айында өздерінің мерейтойын атап өтіпті. Соған орай, облыстық білім басқармасы балаларға лагерьде демалуға мүмкіндік беретін 20 жолдама тарту еткен.

Дария Жантаева – “Забияки” шоу-тобының мүшесі

– Біз республикалық “Балдәурен” лагеріне бірінші рет барғалы жатырмыз. Осындай мүмкіндік бізге жиі беріле бермейді. Біз соңғы уақытта көп еңбектеніп, біраз жетістікке жеттік.

Дарина Маратова – “Забияки” шоу-тобының мүшесі:

-Мен “Балдәурен” лагеріне баратыныма өте қуаныштымын. Осы жетістікке жету жолында көп көмек көрсеткен ұстаздарыма алғысымды айтамын.

“Балдаурен” республикалық оқу-сауықтыру орталығы құрылғалы бері 12 жылдың ішінде лагерьде солтүстікқазақстандық 10 мыңнан астам бала демалған.

 

Бакыт Садуакасов.