Қоғам

Петропавлда балаларын емізіп жүрген жас аналардың кездесуі өтті

Әсел Шакимова

– Негізінен маған ол өз біліміммен бөлісетін мүмкіндік. Кейбір аналарға психологиялық көмек, құрбылық әңгімелесу керек болады сол үшін келіп тұрамын. Себебі үлкен баламмен біраз қиыншылдықтарға кез болдым, енді осы жолы сол қиындықтарды жеңетіндей тәсілдерім бар.

Жас аналардың бастары жиі қосылмайды. Көбіне әлеуметтік желілер арқылы хабарласып отырады. Алайда бұндай жүздесулер әрқашан танымды ақпарат алуға мол мүмкіндік береді дейді қала тұрғындары.

Юлия Мартынова – «Молочная помощь» емізуді қолдау тобының мүшесі

– Бүгін балаларын емізіп жүрген жас аналардың кездесуі. Жиын Біріккен Ұлттар Ұйымының құрған бүкіләлемдік емшектен емізу апталығына арналып отыр. Дәл қазір жас аналар қоысмша азықты қалай енгізу керектігі мен ерекшелігін білетін болады.

Әзірге Петропавл қаласында қолдау тобының жалғыз ғана кеңесшісі жұмыс істейді. Алдағы уақытта Петропавлда «Молочная помощь» қорының филиалын ашу жоспарланып отыр.

Риат Шони.