Әнел Салихова
– Мұнда сатушы, даяшы және кеңесші сияқты мамандықтарды ұсынып отыр. Мен әзірге лайықты жұмыс тапқанша, осылардың бірін таңдап бармақшымын. Әзірге құжаттарымыды тапсырып қойдым.
Жастар бастамалары орталығына мамыр айынан бастап 152 солтүстікқазақстандық хабарласыпты. Солардың 55-і жұмыспен қамтылған. Аталмыш орталықтың шарапатын көргендердің бірі- Наталья Цымбалюк. Мектеп оқушысы осы ұйым арқылы сатушы болып жұмысқа орналасқан. Бұл демалыс уақытанда табыс табудың жақсы мүмкіндігі дейді. Әлі де болса, екі қолға бір күрек іздеген жастар осы орталыққа жүгіне алады.
Данияр Әбутәліпов- СҚО жастар бастамалары орталығының директоры
– Қазіргі кезде негізінен жастар келесі мамандықтар бойынша жұмысқа орналасуда. Ол автокөлік жуушылар, кеңесшілер, дяшылар және сатушы мамандықтары. Біздің негізгі жұмыс берушілер ол: «Мир аттракционов» ЖШС және құрылыс, кондитерлік компаниялар.
Бүгіндері орталықта 195 бос жұмыс орны бар. Әрине, ұсынысқа сұраныс сай келіп жатса.
Магжан Ахмадина.