Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тамыз айының бірінші жексенбісі – Көлік қызметкерлері күні

Ерік Сұлтанов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Облысымызда көлік саласы қызметкерлерінің зор еңбегі мен жұрт тасымалының қызметі саласы жылдан жылға артуда. Алдағы уақытта алға қойған міндеттеріңіз ойдағыдай атқарылып, халықтың мүддесін ақтаймыз деген сенімдемін. Мереке күндеріңіз құтты болсын. Зор денсаулық және жақсылық тілеймін.

Бұдан кейін бірнеше азамат облыс әкімінің марапаттарына ие болды. Құрмет грамотасы бірінші болып Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бейбіт Исмановқа берілді.

– СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы Галина Семенова облыс әкімінің қолынан Құрмет грамотасын ала отыра, ықылас пен құрметке ризашылығын білдірді.

Галина Семенова – “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы

– Жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың атынан бүгінгі зор марапат үшін алғысымды қабыл алыңыз. Бұл – менің ғана жетістігім емес, бұл – бүкіл кәсіпорын қызметкерлері еңбегінің жемісі. Біздің өңірде айтулы мереке осылай бірінші рет, яғни көлік саласына қатысты барлық құрылым өкілдерінің ортасында аталып өтуде.

Есіл ауданындағы Бірлік ауылының тұрғыны Бейбіт Тұрғыновтың жеке кәсібі бар. Ол жолаушы тасымалымен айналысады. Кәсіби жүргізуші өзінің төл мерекесінде өңір басшысынан алғыс хат алғанына қуанышты.

Бейбіт Тұрғынов – автобус жүргізушісі, Есіл ауданы

– Қысы-жазы ыстық-суыққа қарамай жүрген еңбегіміздің жемісі шығар деп ойлаймын. Соны сыйлап жатқан облыс әкіміне үлкен ризашылығымды білдіремін. Бізді елеп, сыйлап жатқанына рахмет. Енді, аманшылық болса, әлі де болса осылай жақсы еңбек ететініміме сенімдімін.

Бұдан кейін тағы бірнеше қызметкерге “Құрметті автокөлікші” және “Үздік автокөлікші” төсбелгілері табыс етілді.

Салтанатты шара мерекелік ән шашуға ұласты.

 

Данаш Хамзина.