СҚО кардиологиялық орталықтың жетістіктері

Денсаулық сақтау

14:36 1 Тамыз 2014

Серік Мұхомадиев, Бескөл ауылының тұрғыны

– Бұл кісінің еңбегі көп. Жақсы адам. Қазақстанның үздік дәрігері деген атақ алып жатыр деп естідім. Еңбегі толғай табыстарға толы болсын.

Серік Мұхомадиевтен өзге кардиохирургиялық бөлімшеде 12 пациент жатыр. Олардың денсаулығы 9 білікті дәрігердің жіті қадағалуында. Ақ халатты абзал жандар жылына бірнеше рет Израил, Италия, Қытай, Литва, Финляндия елдерінде ұдайы біліктіліктерін шыңдап тұрады. Игорь Шумаков сырқаттарға күніне 2 операция жасайды. Әр біреуі көп дегенде 8 сағатқа созылады. Дәрігер медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі атынан “ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі” кеуде белгісімен марапатталды. Ол осы салада 98 жылдан бері қызмет етеді.

Игорь Шумаков, облыстың штаттан тыс бас кардиохирургы

–  Бұл марапат менің ғана емес, кардиохирургиялық бөлімше ұжымының нәтижелі еңбегінің арқасы. Қаншама күрделі операциялар мен жағдайы ауыр науқастарды күтудің арқасында келді. Еңбегіміздің еленіп жатқаны бізге күш-куат береді.

Орталық дәрігерлерінің қолы жеңіл болғандықтан, олардың көмегіне солтүстікқазақстандықтардан бөлек өзге өңірлердің тұрғындары жүгініп жатады екен. Жыл басынан бері мұнда жүрекке шамамен 150 операция жасалды.

Берик Касен.

Бұдан әрі оқыңыз

Қауіпті дерттің алдын алу жолында
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Қазақстан коронавирус таралған елдердің тізімінде жоқ
Қауіпті дерттің алдын алу
Ресеймен шекаралас 4 ауданда санитарлық-бақылау бекеттері жұмыс істейді