Серік Мұхомадиев, Бескөл ауылының тұрғыны
– Бұл кісінің еңбегі көп. Жақсы адам. Қазақстанның үздік дәрігері деген атақ алып жатыр деп естідім. Еңбегі толғай табыстарға толы болсын.
Серік Мұхомадиевтен өзге кардиохирургиялық бөлімшеде 12 пациент жатыр. Олардың денсаулығы 9 білікті дәрігердің жіті қадағалуында. Ақ халатты абзал жандар жылына бірнеше рет Израил, Италия, Қытай, Литва, Финляндия елдерінде ұдайы біліктіліктерін шыңдап тұрады. Игорь Шумаков сырқаттарға күніне 2 операция жасайды. Әр біреуі көп дегенде 8 сағатқа созылады. Дәрігер медицина қызметкерлері мерекесі қарсаңында ҚР-ның Денсаулық сақтау министрлігі атынан “ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі” кеуде белгісімен марапатталды. Ол осы салада 98 жылдан бері қызмет етеді.
Игорь Шумаков, облыстың штаттан тыс бас кардиохирургы
– Бұл марапат менің ғана емес, кардиохирургиялық бөлімше ұжымының нәтижелі еңбегінің арқасы. Қаншама күрделі операциялар мен жағдайы ауыр науқастарды күтудің арқасында келді. Еңбегіміздің еленіп жатқаны бізге күш-куат береді.
Орталық дәрігерлерінің қолы жеңіл болғандықтан, олардың көмегіне солтүстікқазақстандықтардан бөлек өзге өңірлердің тұрғындары жүгініп жатады екен. Жыл басынан бері мұнда жүрекке шамамен 150 операция жасалды.
Берик Касен.