Қоғам

Облысқа жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев келді

Ерлан Әукенов- СҚО әкімінің орынбасары

– Биылғы жылы шағын және орта бизнес өкілдерінен түсетін салық көлемі 16,7 пайызға артты. Бизнесті қолдауға бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарлама өңірде табысты жүргізілуде. Бүгіндері 2500 мыңнан астам кәсіпкер 14,4 млрд теңгенің қолдауын сезінген. Ал ағымдағы жылдың 6 айында 347 кәсіпкерге 5,2 млрд теңге көмек көрсетілді.

Қазір бәсекелестікке төтеп бере алатын кәсіпорындар ғана нарықта өмір сүре алады. Жергілікті тауар өндірушілер дамудың дағыл жолына түсуі керек. Бұл бағытта СҚО қыруар шаруа тындырылып жатыр. Мәжіліс депутаты Азат Перуашев кәсіпкерлік саласы қол жеткізген табыстарын еселеуге тынбай жұмыс жасағаны дұрыс деп отыр.

Азат Перуашев-Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясының төрағасы

– Өткен жылы “Мемлекеттік сатып алу” заңына өзгерістер енгізілді. Онда отандық өнім өндіруші деген ұғым алынып тасталды. Ол Қазақстандық кәсіпкерлер тынысын ашып отыр.

Халық қалаулысымен кездесуге теріскейліктер өзекті мәселелерін арқалай келіпті. “Петропавл арақ-шарап зауыты” ЖШС өкілдері солардың қатарында.

Олег Драчов- “Петропавл арақ- шарап зауыты” ЖШС профкомының төрағасы

– кедендік одақ құрылғалы арақ- шарап өнімдеріне қатысты кей нормалар дұрыс жасалмай отыр. кедергі пайда болды. Сондықтан біздің өнімдеріміз Ресейдің тауарларымен бәсекеге түсе алмай қалды.

Халық қалаулысы Азат Перуашев көтерілген мәселелерді шешуге ат салысуға уәде етті.

 

Магжан Ахмадина.