Билік

Облыс әкімі Ақжар ауданында кәсіпкерлікті дамыту қажеттігін айтты

Мұхит Тұрысбеков- Ақжар ауданының әкімі

– 2014-жылдың қаңтар маусым айларының қорытындысы бойынша ауданымыздағы өнеркәсіп орындарының өндірген өнім көлемі 2013 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 478,6 млн теңгені құрайды. Инвестицияның жалпы көлемі 458-млн теңге. Жергілікті бюджетке салық және басқа да төлемдерді жинау жоспары аудан бойынша 102,3 пайызға орындалып 177,5 млн теңгені құрады.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін арттыру бағдарламасы аясында асыл тұқымды репродукторлар мен бордақылау алаңдарының құрылмағанына тоқталды. Сондай ақ шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны жыл басынан бері 1,4 пайызға кеміген.

Ерік Сұлтанов -Солтүстік Қазақстан облысының әкімі

– Ауданда өнеркәсіп өндірісі биылғы жарты жылдықта тек 0,3 пайызға ғана өсті, бұл облыстық деңгейден біраз төмен. Аталмыш көрсеткіш бойынша аудан 12 ші орында.

Ауданда мәдениет объектілеріне тиісті көңіл бөлінбейді. Мәдениет нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат қарастырылмайды. Бұл мәселе тұрғындарды да толғандырды.

Өңір активі аяқталған соң аймақ жетекшісі аудандағы Ақтөбе гласс ЖШС жұмысымен танысты.”Ақтөбе гласс” зауытының жылдық қуаты – 350 мың тонна. Фабрика басшылығы құмның арқасында бір жылдың ішінде 600 миллион теңге пайда көрмек. Ең бастысы осы маңдағы ауылдың халқы жұмыспен қамтылған. Облыс әкімінің жұмыс сапары Диорит ЛТД компаниясына барумен жалғасты. Мұнда қиыршық тас өндірумен айналысады. Жұмыс сапалы болуы үшін көлік жағын жақсарту қажет екеніне тоқталды-облыс әкімі.

Жалпы Ақжар ауданына жасаған сапарында аймақ басшысы аудан әкіміне мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысу қажет екенін айтты.