Білім

«Мектепке жол» акциясы бастау алды

Ділназ Шаймергенова- Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 6 сынып оқушысы

– Маған алған дәптер, сөмкелер ұнады. Жылда осындай беріліп тұрады. Лагерьлерге де барамын.

Бүгінгі күні Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 25 оқушысы осындай көмекке ие болып отыр. Ол мақсатқа жалпыға бірдей білім беру қорынан 200 мың теңгеден астам қаржы жұмсалыпты.

Жадыра Қоспаева- Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің әлеуметтік ұстазы

– 8 көпбалалы отбасы, 4 ата- ана қамқорлығынсыз қалға және 13-і әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға көмек көрсетіп отырмыз. Оларға біз сөмке және кеңсе тауарларын беріп отырмыз. Ол мемлекет тарапынан осындай балғындарға жасалып отырған үлкен көмек.

Жалпы бүгіндері аталмыш мектепте 563 бала білім алады. Мектепке қажетті заттарды оқушылар республикалық “Мектепке жол” акциясы аясында алып отыр. Ол биыл 7- ші раз “балаларға мейірімділік сыйла” атты ұранмен өткізілуде. Бұл жайында ұйымдастырылған арнайы конференция барысында сөз болды.

Ғалия Ілясова- СҚО білім басқармасының бөлім басшысы

– Бұл акцияның мақсаты барлық балаларды есепке алып, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды анықтау. Жалпы акция бастау алған 2007 жылдан бері еліміздің 50 мың баласына материалдық көмек көрсетілген. Оған 208 млн теңгеден астам қаржы жұмсалыпты.

Бұдан өзге, акция аясында жәрмеңкелер ұйымджастырылып, оларда мектепке қажетті заттарды арзандатылған бағада сатып алуға болады. Алғашқы мұндай шара 15-ші тамызда өткізіледі деп жоспарланған.

Магжан Ахмадина.