Қоғам

Галактика сақшылары” атты фильм қазақ тіліне аударылды

Әсемгүл Есқожа – «Ардис» азаматтық бастамаларды дамыту орталығының басшысы

“Марвин” компаниясы мен Нұр Отан партиясы осы дубляжды фильмді ұсынып отыр. Бұл шара Нұр Отан партиясы үшін үлкен жетістік. Қазақ тіліне аударылған “Галактика сақшылары” атты фильмнің алғашқы қойылымы еліміздің барлық облыстарында көрсетілді.

Қазақ тіліне аударылған “Галактика сақшылары” атты үшінші дубляжды фильмге қолдау көрсету мақсатында Қазақстан кинотеатры алдында “Паркур” шоу ұйымдастырылды. Бұл балалар 4-5 қабатты ғимараттарға еш қиындықсыз қарғиды.

Соңғы жылдары қаламызда «Паркур» спорт түрі жастар арасында белсенді дамып жатыр. Бұл топта ғимарат үстінде секірумен айналысатын әуесқойлар саны 60-қа жуық.

 

Антон Дмитриев – «Паркур» қозғалысының белсендісі

Менің достарым және “паркурмен” айналысатын әуесқойлар өздерін жақсы қырдан көрсетіп, қызықты, әсерлі, ойын-сауық ұйымдастыруға бел буды. Қала тұрғындары тек фильмді көріп қана қоймай, біздің де дайындығымызды тамашалауы керек.

Жерлестеріміз «Галактика сақшылары» атты фильмнен ерекше ұмытылмас әсер алды.

Сагыныш Маркашева.