Билік

Облыс әкімі Тайынша ауданында болды

Ерик Султанов, аким СКО

– Давайте отдадим это, скажем, нашим исправительным учреждениям.
– Это был бы хороший вклад.
– Сколько вам надо?
– Порядка 60 тыс. штук.
– Сколько стоит одна штука?
– Порядка 20 долларов
.

Комбинат жетекшісі мұндай ұсынысты құп санап отыр. Өйткені, осы күні кен өндіру ісі айтарлықтай шығындарды талап етеді. Жақында ғана мұнда 900 мың АҚШ долларының бұрғылау қондырғысын сатып алыпты. Сондай-ақ, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының аясында кен байыту фабрикасын салу көзделген. Жоба құны 3,5 млрд теңге. Жаңа нысан іске қосылса, жаңадан 460 жұмыс орны ашылып, кәсіпорын толық қуатта жұмыс істемек. Ал қазіргі уақытта мұнда тек тәжірибелік-өнеркәсіп жұмыс істеуде.
Облыс әкімі Драгомиров орта мектебіне де соқты. Мұнда қыркүйектің 15-інде жаңа қазандық орнатылады.

Еркен Оразов, Тайынша аудандық білім бөлімінің жетекшісі

– Мектепті жылытуға «Жаркөл» ЖШС көмек көрсететін. Бірақ, биыл орталық қазандықтың істен шығуына байланысты олар білім ошағын жылытудан бас тартты. Биыл екі ғимаратқа қос модульдік қазандық орнату көзделіп отыр. Бюджеттен 16 млн. теңге қарастырылды. Қазір тендер жарияланды.

Бірақ, әлі күнге 16 үйді жылумен қамту мәселесі өзекті қалып отыр. Олар апаттық жағдайға байланысты орталық желіден ажыратылған. Өңір басшысы “Жаркөл” ЖШС директоры Александр Кобзевпен кездесіп, қыс уақытында ауыл тұрғындарына көмек беруді тапсырды.

Ерик Султанов, аким СКО

– Т.е. вы в эту зиму закрываете углем, да? Давайте котлами помогите.
– посмотрим
– котлы стоят 100-150 тыс. Правильно?
– Решим.

Облыс әкімі ауданға жасаған сапарында “Алабота” асыл тұқымды мал өсіру зауытына аялдады. Шаруашылықта 2500-ден астам қазақтың ақбас сиырлары өсіріледі. Тағы 698 бас герефорд тұқымы бар. Бүгінге дейін 1208 төл алған. Шарушаылықтың ірі қараға арналған 20 мың. гектарға тарта жайылымы бар. Барлығы асыл тұқымды мал зауытының иелігінде 40 мыңдай жер телімі болса, оның 4-тен 1-іне дәнді және майлы тұқымдар, мал азығы себіліпті.

Шохтыбаева Гульмира.