Қоғам

Медицина, білім саласындағы тежелістер еліміздегі жетекші партияның жіті назарында

80 жылдық тарихы бар демалыс орны бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді. Мұнда асхана, кітапхана, мұражайдағы мүліктердің бәрі ескірген. Партиялық бақылау комиссия мүшелері барлық нысандарды аралап болған соң, мән-жайды балалардың өздерінен сұрап білді. Облыстық, қалалық спорт сайыстарында алдына жан салмайтын белсенді жасөспірімдер мұнда спорт инвентарлары мен қаладағы секілді атракциондардың жоқтығын айтты.

– Баскетболдың доп салатын себет, волейбол алаңындағы тор тозған, оның барлығын жаңасына ауыстыру керек.
– Мұнда дәруменге бай, құнарлы тамақ береді. Күнде алма, кептірілген жеміс-жидек, көөкністер жейміз. Аспазшылар астың бәрін дәмді пісіреді.

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ұдайы білікті педагогтар мен медбикелердің назарында жүреді.

Ақжүніс Мұсырман, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ партиялық бақылау жөніндегі инспекторы

– Мен білім басқармасы демеушілердің көмегімен лаегрдің күрделі жөндеуіне қажетті қаражат бөліп, жағдайын түзейді деп ойлаймын.

Билік партиясының өкілдері осындай рейдтерді өңір аудандарда да жүргіземіз деп отыр. Бақылауға медициналық, білім беру мекемелері енеді.

 

Берик Касен.