Құқық қорғау органдары

«Түнгі қаладағы балалар» атты акция жалғасуда

Бекзат Қаныбаев – Петропавл қаласы ІІБ ювеналдық полиция бөлімінің инспекторы

– Жасөспірімдер жасайтын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін аталмыш шаралар жиі өткізіліп тұрады. Сонымен қатар біз өзінің ата- аналық борышын дұрыс атқармай жүргендерді де анықтап, оларды есепке қойып жатырмыз.

3 күн ішінде полицейлер 207 жасөспірімді ұстаған. Солардың 182-сі түнгі уақытта көше кезіп жүрген. 74 солтүстікқазақстандық әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты.

Бұл шара 3-ші тамызға дейін жалғасады.

 

Магжан Ахмадина.