Балалар

«Таза аула, таза подъезд» атты акция өтті

Алтыншаш Жолдаспаева

– Жұмыс аса қиын емес. Ең бастысы біз мұнда бір- бірімізге қол ұшын беріп, оңай емес деген шаруаларды тындырамыз.

Бүгін «Жасыл ел» еңбек отрядының 10-нан астамы жауынгері Бөкетов көшесі бойындағы 77 үйдің алаңын абаттандыру шараларымен айналысуда. 90 пәтерлі баспананың алды көп уақыттан бері жиналмай, шөп басып кеткен. Жасыл елдіктер өскіндерді қырқып, мұнда тазалау жұмыстарын жүргізуде. Үй тұрғындары болса, жастардың мұндай бастамасына риза.

Светлана Малхасян- үй тұрғыны

– Үйде көбіне зейнеткерлер тұрады. Сондықтан сенбіліктер болғанда, әр подъезден 2-3 адамнан ғана шығады. Оның өзі ауланы жөнге келтіре алмайды. Бүгін міне жасыл ел отрядының жастары келіп, бізге үлкен көмек көрсетуде.

Жалпы шілде айында «Жасыл ел» еңбек отрядының құрамына кіруге солтүстікқазақстандық 219 жас ниет білдірген. Олардың 40- қа жуығы облыс орталығында еңбек етеді.

Асқар Баймұқанов- «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі

– Жақсы жұмыс істедік. Бүгін «Таза аула, таза подъезд» атты акция ұйымдастырдық. Мына ауланы қоқыстан арылтып жатырмыз. Бұндай шаралар жастарды экологиямызды таза ұстауға үйретеді.

Ал тамыз айында жасыл ел құрамында 104 солтүстікқазақстандық енді. Олардың 27-сі Петропавлда жұмыс жасамақ.

Магжан Ахмадина.