Қылмыс

Ұрлықтың беті ашылды

Тілеужан Ахаев- Петропавл қаласы ІІБ 1-ші полиция бөлімінің аға тергеушісі

– Петропавлдың екі тұрғыны көлікке еркін кірген. Оларды біз дүкенде орнатылған бейнебақылау құрылғысы арқылы анықтадық.

Жүргізілген іс- шаралар барысында тәртіп сақшылары ұрылардың ізіне түсіп, 33 және 30 жасар петропавлдықтарды құрықтады. Пысықайлардың бірі бұрын сотталған болып шықты. Олар оңай жолмен табылған ақшаны керек жарақтарына жұмсап үлгерген, ал ұялы телефонды сатпақ болыпты. Бірақ қаскөйлердің бұл арам ойы жүзеге аспады.

Тілеужан Ахаев- Петропавл қаласы ІІБ 1-ші полиция бөлімінің аға тергеушісі

– Олар ұялы телефонды сатпақ болған жерінде ұсталды. Жалпы 270 теңге шығын келтірген. Қылмыстық кодекстің 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрылардың бірі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

Тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне «сақтансаң сақтаймын» деген қағиданы ескеріп, көліктерді ашық қалдырмауды ескертеді.

 

Магжан Ахмадина.