Құқық қорғау органдары

Теріскейліктердің зияткерлік меншік құқығын қорғау

Эльман Танрывердиев, СҚО әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім жетекшісінің м.а.

– 1-ші жарты жылдықта зияткерлік меншік құқығына қол сұққан 11 айыпталушының үстінен әкімшілік іс қозғалды. DVD дискілерін заңсыз шығарып келген 2 астыртын цехтың жұмысы тоқтатылып, жеке тұлғалардан контрафактілік өнімнің 7 мыңнан астам данасы тәркіленді.

Сондай-ақ үстіміздегі жылы теріскейдің 1 тұрғыны өзге фирманың тауар белгілерін заңсыз пайдаланған. Қазір оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, құжат сот қарауына жіберілді.

Эльман Танрывердиев, СҚО әділет департаменті зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлім жетекшісінің м.а.

– Келесі жылдан бастап авторлық және сабақтас құқығын бұзғандар үшін заң қатаяды. Нақтырақ айтар болсақ, осыған дейін біреудің зияткерлік өнертабысына қол сұққандарға 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін айыппұл салынған. Енді бұл тармақ келесі жылы қылмыстық іс ретінде қаралатын болады.

Әділет департаментінің мамандары аталған заң бұзушылықтарды азайту үшін жылына 4 рет тәртіп сақшыларымен рейд шараларын жүргізіп тұрмақ.

Берик Касен.