Балалар

“Батыр” балабақшасында ағымдық жөндеу жұмыстары аяқталды

Мынайдар Омаров – “Батыр” бөбекжай-балабақшасының әкімшілік-шаруашылық жұмысы меңгерушісінің орынбасары

– Біздің балабақшаға жөндеу жұмыстарына байланысты 15 күнге жабылған болатын. Осы уақытта шатыр мен жылыту қазандығын күрделі жөндеуден өткіздік.

Сондай-ақ мекеме басшылығы аула ішін көгалдандыруға баса назар аударған. Балабақша ұжымының бастамасымен аулада жаңадан қазақтың киіз үйі, славян пеші мен Қазақстан картасы бейнеленген шағын макеттер – қойылмақ. Қазір оларды әрлеу аяқталуға таяу.

Мынайдар Омаров – “Батыр” бөбекжай-балабақшасының әкімшілік-шаруашылық жұмысы меңгерушісінің орынбасары

– Балабақша ауласында қазақ пен орыс халқының тарихынан сыр шертер киіз үй мен славян пешін жасауды аяқтап қалдық.Жақын арада балғындарды қайта қарсы аламыз.

Арнайы құрастырылған бұл шағын макеттер балғындарға танымдық жағынан қызықты болмақ. Жалпы бұл бөбекжайда қазіргі күні 14 топта 302 бала тәлім-тәрбие алуда.

Бакыт Садуакасов.