Денсаулық сақтау

Өңірімізде түрлі себептермен жарақат алған жасөспірімдердің саны ұлғаюда

Асылхан Жағыпаров – Облыстық балалар ауруханасының травматология және ортепедия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы

– Жаз уақытында балалардың травматизмі күрт өседі. Бұл кезде балалар жазғы демалыста, ойын ойнайды сол орайда жиі жарақат алып жатады. Жаз уақытында жиі орын алатын травмалар биіктіктен құлау, ауыр заттың үстіне секірген кезде, оййнап секіріп жүрген кезде аяқ қолын сындырып алуы мүмкін.

Ал 12 жасар Павел Батин доп қуалаймын деп баскетбол алаңында сақинасы да, қалқаны да жоқ құр тіреуге мініп құлап түскен. Нәтижесінде иық сүйегінің жоғарғы бөлігінің ығысуы мен жабық сынуы жарақатын алған.

Қала көшелерінде автокөлік санының өсуі, құрылыс нысандарының көбеюі адамдардың жарақаттануына себеп болып жатады екен.

Асылхан Жағыпаров – Облыстық балалар ауруханасының травматология және ортепедия бөлімшесі меңгерушісінің міндетін атқарушы

–  Алдымыздағы жылмен салыстырған биыл көбінесе жол-транспортынан, яғни көлікпен соғылған балалар жиі кездесіп жатыр. Осыдан бір жұма бұрын бір бала түскен болатын. Ол комбайнның шалғысына аяғын салып алып, аяқ сүйектерін яғни 5 сүйегін сындырған. Ашық жарақат, қан аққан. Шұғыл арада ота жасалды. Бүгінгі таңда жағдайы жақсы, керекті дәрі-дәрмектерін алып жатыр.

Сол орайда ата-аналар өз балаларының мертігіп қалмауын жіті қадағалаулары қажет.

 

Риат Шони.