Билік

Облыс әкімі жұмыс сапарымен М. Жұмабаев ауданында болып қайтты

Қанат Сыздықов- «НұрСен Агро» ЖШС директоры

– Жалпы асыл тұқымды репродуктор 1000 бас ірі қараға шақталған. Сүтті бағыттағы малдарды дамытуды көздеп отырмыз. Алдағы уақытта тағы 200 бас зеңгі баба төлін алу жоспарланған.

Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов кәсіпорынның егін алқаптарында да болды. Серіктестік 5 мың гектардан асатын жерге ырыс дәнін сіңіріпті. Кейін өңір жетекшісі Булаево қаласындағы кәсіптік даярлау және қызмет көрсету колледжіне ат басын бұрды. Бүгіндері мұнда 50-ден астам солтүстікқазақстандық білім алады. Оқу ордасындағы басты мәселе жатақхананың жоқтығында. Өйткені білім ошағындағы студенттердің 50 пайызы жақын маңдағы ауылдардан келеді екен. Бұдан соң облыс әкімі Ерік Сұлтанов «Булаев астық» ЖШС-не барды. Қазіргі таңда кәсіпорын 30 мың тонна астықты қабылдауға қауқарлы. Аймақ басшысы серіктестік жұмысына оң бағасын берді. Өңір жетекшісі аялдаған келесі нысан аудан орталығындағы 250 орынға шақталаған емхана болды. Емдеу мекемесі ағымдағы жылдың маусым айында қалданысқа беріліпті. Жалпы аурухананың материалдық- техникалық базасы жақсы. Оны мұнда ем- дом қабылдап жүрген аудан тұрғындары да айтуда.

Кейін аудан активімен кездесу өтті. Онда жұмабаевтықтардың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік- экономикалық дамуы қортындыланды. Жекелеген салалар бойынша ілгерлеушілік бар. Бірақ бұдан да жақсы көрсеткіштерге жету үшін әлі де болса, тізгінді босатпай, қарқынды қоса түсу қажет.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

– Аудандарда қоғамдық көлікпен қамту мәселесі ақсап тұр. Бұл сауал біздің қарауымызға алынды. Мен жыл соңына дейін барлық елді- мекендерді автобус бағыттарымен қамтамасыз етуге тапсырма бердім. Мүлдем қоғамдық көлік қатынамайтын кей ауылдарға аптасына 2-3 күн болсын, автобус шығып тұру қажет. Ол үшін жолдарды қалпына келтіру керек. Қажетті қаржыны алдағы уақытта қарастырамыз.

Кейін залға жиналғандар өз сауалдарын жолдады. Жиында жолдар және балабақшамен қамтылу мәселелері көтерілді. Онымен қоса ауылдық жерлерде спорт алаңдарының жоқтығы да сөз болды.

Ерік Сұлтанов- СҚО әкімі

–  Әрине барлық аудан орталықтары мен елді- мекендерде спорт кешендері болса жақсы. Қазір ашық алаңдар салып дене шынықтырумен айналысуға, жастарды тартуға болады. Бұл жұмыстарға инвесторларды араластыру қажет.

Бұдан өзге аймақ басшысы Ерік Сұлтанов мал шаруашылығы, сүт өңдеу салысындағы жұмыстарды тиісті деңгейге жеткізуді тапсырды. Қысқа даярлық шараларын да ақсатып алмау керектігін ескертті.

Магжан Ахмадина.