Қоғам

Биыл теріскейде өрт және суға кету фактілері көбейген

Виктор Держанский, СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің жетекшісі

– Біз қанша рейд шараларын өткізіп, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін ұғындырсақ та бұдан еш нәтиже көріп отырған жоқпыз. Ересектер жылда суға мас күйінде шомылады. Оған қоса өзен, көл жағалауында балаларын назарсыз қалдырады.

Жыл басынан бері өңірімізде 485 өрт оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 17 %-ға артық. Айтпай келетін апаттың дені жеке тұрғын үйлерде орын алған. Тілсіз жаудың салдарынан 22 адам көз жұмды. Оның 1-уі бала. Апаттың дені өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан болып отыр.

Денис Шуваев, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бөлімінің бастығы

 

– Өрт фактілері барлық аудандарда болған. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда жеке секторлардағы өрт 13%-ға артқан. Оған тұрғындардың салғыртығы негізгі себеп болып отыр.

Жаздың жыңбырлы болғанына қарамастан биыл 8 орман өрті тіркелді. Салдарынан мемлекетке 172 мың теңге шығын келді. Оның 3-і Айыртау ауданында орын алған. Ал өткен жылы мұндай табиғат апаты болмады.

Берик Касен.