Құқық қорғау органдары

Жаяу жүргіншіні қағып кеткен мотоцикл иесі құрықталды

Аталған көліктің иесі бірден жедел жәрдем мен полицейлерді шақыртып, куәгер ретінде оқиға орнында қалған. Алайда, ауыр жарақаттар алған қария тілге келместен, ауруханада көз жұмды.

Сағат Нұрмолдин – СҚО ІІД ӘПБ іздеу бөлімінің аға инспекторы.

– Мотоциклдің иесі сол күні-ақ, бейнежазбаның көмегімен анықталды. Сезіктінің ұялы телефонының нөмірі анықталды. Дегенмен, оған хабарласқан уақытта күдікті жауап берген жоқ. Тұрғылықты мекен-жайына да келмеген. Кейін Қызылжар ауданындағы әкесімен хабарласқан соң ғана, ол 10 күннен соң, өз ұлын тәртіп сақшыларына жетектеп әкелді.

Сонымен қатар, әкесі ұлының орман ішіне жасырған темір тұлпарын да көрсетті. Айыпты жігіт оқиға орнынан қашуын қорыққандығымен түсіндіріп отыр. Факті бойынша қылмыстық кодекстің 296 және 297-баптары бойынша іс қозғалды. Қазір тиісті сараптамалар белгіленіп, тергеу шаралары жүріп жатыр. Тәртіп сақшылары шын мәнінде де кей жаяу жүргіншілер белгіленбеген жерде жолды қиып, апатқа өздері себепші болып жатады дейді. Мысалы, жыл басынан бері полицейлер осындай заңсыз әрекеттері үшін 5240 азаматты жауапкершілікке тартқан. Бірақ, қалай болғанда да, апат орын алған жағдайда жүргізуші көлігін тоқтатып, жапа шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуі тиіс. Жедел жәрдем шақыртып, ішкі істер органдарымен хабарласу керек. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары келгенше оқиға орнынан ұзауға болмайды.

 

Шохтыбаева Гульмира.