Энергетика

Петропавлдықтар энергетиктерге жылу мен тоқ көзі үшін берешегі 183 млн теңгеден асқан

Тамара Пашкова, “Севказэнергосбыт” ЖШС бас директорының орынбасары

– Біздің мекеме дебиторлық қарызды азайту мақсатында СҚО сот актілерін орындау бойынша департаментіне 838 құжат тапсырдық. Борышкерлерден өндірілетін қарыздың жалпы сомасы 38 млн теңгені құрайды. Қарыз уақытында өтелмеген жағдайда сот орындаушылары борышкердің жылжымайтын мүлігін, көлігін, тұрмыстық техникасын тәркілеуге дейін барады.

Бахтияр Биқанов, СҚО сот актілерін орындау бойынша департаментінің сот орындаушысы

– Мәселен, Ғабит Мүсірепов көшесі, 13 а мекен-жайындағы 99-шы пәтер иесі жарық үшін “Севказэнергосбыт” серіктестігіне 398 мың 600 теңге қарыз. Бостандық көшесіндегі 22 үй, 47-ші пәтердің иесі 283 мың теңге қарызын 70 ай бойы төлемеген.

Сот орындаушыларына жүгіну, борышкерлердің мүлкін саудаға шығарып сатудан бөлек, энергетиктердің өздері де түрлі амалдарға баруға мәжбүр. Мысалы, энергия тарататын мекеме 2014 жылдың 6 айында қарызы бар 3165-тен астам тұрғынның пәтерлерін жарықтан айырған.

Берик Касен.