Білім

Өзін-өзі тану пәніне енгізілген жаңашылдық бойынша 2 жұмалық курстар өтуде

Айнагүл Әлмишева – өзін-өзі тану пәнінің жаттықтырушысы

– жүргіземіз. Соның арқасында өскелең ұрпаққа бұрынғыдай қоршаған ортаны емес, ішкі жан дүниесін түсінгізіп, патриоттыққа тәрбиелейміз. Абай атамыз айтқандай “Адам болып дүниеге келу оңай, ал адам болып қалу қиын” сол себепті де ең әуелі адам өзінің ішкі жан дүниесін түсіне білу қажет.

Аталған курстарға әр ауданнан 25 ағартушы-ұстаз қатысуда. Ең әуелі олар бір-бірімен танысып, берілген тапсырмаларды орындайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамдық көліктегі жастардың қарт адамдарға ылайықты сыйластықпен қарамайтындығы да көрініспен бейнеленді.

Елена Сидорова – Саумалкөл №2 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі

 

– Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі ол бүкіл ғаламның ұстазы. Менің педагогтық мақсатым сол ғаламға нұр шашатын ұстаз болу. Біз бұл курстарда пәнге енгізілген жаңашылдықтарды үйренеміз. Біліктілігімді арттырып мектеп оқушыларына жақсы тәрбие бере аламын деп сенемін.

Одан соң біліктілігін арттырушылар барлығы қосылып ән шырқап, өсиет пен дәріс сабақтарын тыңдады.

Риат Шони.