Энергетика

Өңірдің кәсіпкерлер палатасы облыстың жылыту маусымына дайындық жобасын талқылады

Мұрат Жакенов – Солтүстік Қазақстан кәсіпкерлер палатасының сарапшысы

– Біздің кәсіпкерлік палатасына бизнес иелерінен қуаттылық мәселелеріне қатысты бірнеше сұрақ келіп түсті. Кейін өңірлік кеңес “Севказэнерго” кәсіпорнының жетекшілерімен байланыс орнатып, ортақ шешімге келді. Нәтижесінде конструктивті орталық жұмысын бастады. Онда кез-келген кәсіпкер толғандырып жүрген сұрағын қоя алады.

Жиында сонымен қатар шағын бизнес субьектісі иелерінің электр мен жылу энергиясын алдын ала 100 пайыз өтеуі жайы қаралды. Мұнда да кәсіпкерлер энергетиктердің шешіміне қарсылығын білдіруде. Дегенмен кәсіпкерлер палатасының араласуымен бұл құжатқа да өзгертулер енгізіліп, мәселе бизнес иелерінің пайдасына шешіліпті.

Наталья Шаяхметова – СҚО монополияға қарсы инспекция жетекшісінің орынбасары

– 100 пайыздық алдын ала өтеу – кәсіп иелері мен бизнемендердің наразылығын туғызған болатын. Осыған орай қабылданған нормативтік құжатқа өзгертулер енгізілді. Азаматтық кодекстің 488-бабына сәйкес енді жылу мен электр тұтынушылар нақты пайдаланған энергия көзіне ғана ақы төлейтін болады.

Жиын соңында кәсіпкерлік палатасының мүшелері “Севказэнерго” АҚ басшыларымен жылыту маусымына даярлығын бақылауға алатын жұмыс тобын құру керектігін айтты.

Бақыт Сәдуақасов.