Денсаулық сақтау

Облыстық наркологиялық орталық жаңа әдісті іске қоспақ

Елена Смагина- Облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер- нкаркологі

– Бізге емделуге ниет етіп келгендер, тіркеуден өтпей- ақ жасырын түрде келіп кеңес ала алады. Адамдар орталықта кем дегенде 5 жыл есепте тұрып, ем-дом қабылдайы. Амбулаторлық және стационар жағдайында ем алады. Дертінен айыққандар кейін оңалту орталығында әрі қарай процедураларды жалғастырады.

Жуырда ақ халаттылар нашақорлармен күрестің жаңа әдісін іске қоспақ. Оны Қарағанды, Павлодар облыстарында кеңінен қолданады екен. Метадон терапиясы нашадан бойын бірден аластата алмайтын не бұл дерттен айыққысы келмейтін жандар үшін қолданылады. Инекциялық әдіспен берілетін дәрі нашақорларға біртіндеп бұл кеселден бас тартуға көмектеспек. Жалпы бүгіндері облыстық наркологиялық орталықта 762 адам есепте тұрса, олардың 642-сі облыс орталығының тұрғындары және 49- ы әйел азаматтар.

Елена Смагина- Облыстық наркологиялық орталықтың дәрігер- нкаркологі

– Биылғы жылы есірткіні алғаш рет пайдаланған 70 адам есепке тұрғызылды. Көбіне бізге тіркеуге алынатындар ине арқылы нашаны қолданатындар. Ал жасөспірімдер арасында әсіресе марихуаннаны тарту көп кездеседі.

Негізінен облыстық наркологиялық орталықта 29-дан 31 жас аралығындағы адамдар есепте тұрады.

 

Магжан Ахмадина.