Балалар

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар Астанамен жақын танысуда

Қарлығаш Үмбетова, облыстық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушісі

– Астанаға барып келгеніме қуаныштымын. Маған әсіресе океанариум және “Атамекен” мұражайы ұнады. Елімнің жүрегі Астананы мақтан тұтамын.

Бұдан бөлек жерлестеріміз 2 күн ішінде бәйтерекке көтерілген. Бейбітшілік сарайын аралап, жаңадан ашылған нысандармен танысты.

Мақпал Келдібекова, облыстық жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі

 

– Облыстық жетім балаларға арналған мектеп-интернатынан 15 бала барды. 2 күндік Астанаға саяхаттан оралып келіп отырмыз. Балалардың көңілдері өте көтеріңкі, Астананы өз көздерімен көргендеріне қуаныштарында шек жоқ деп ойлаймын. 00-38 Балалар бәйтерекке көтерліді.

Биыл сәулеті мен дәулеті келіскен бас шаһарымыздың көркем ғимараттарын жаз аяғына дейін өңірдің 620 оқушысы аралауға мүмкіндік алады. Оның тең жартысы бүгінде демалып келді.

Берик Касен.