Спорт

Виктор Андрухты еске алу үшін ұйымдастырылған жарыс өз мәресіне жетті

Владимир Хижняк – жарыстың бас демеушісі

– Дәл қазір Қазақстан Республикасының ашық чемпионатының 2 кезеңі өтуде. Бұл шара облысымыздың атақты шабандозы Виктор Андрухты еске алу мақсатында ұйымдастырылуда. Келесі үшінші кезең Көкшетау қаласында өтеді.

Жалпы шабандоздар 4 дивизионда сынға түседі.

Владимир Хижняк – жарыстың бас демеушісі

– Бірінші дивизион – жасөспірімдер, екінші – ересектер, үшіншіде – инжекторлар жарысқа түседі. Ал соңғы төртіншіде – ең қуатты, ең жылдамдар, яғни багилер жарысады.

Алғашқы айналымда петропавлдық 21 нөмірдегі Еагений Комов қарсыластарына жол бермей мәреге бірінші болып келді.

Евгений Комов – Петропавл қаласы «Динамо-Лидер» командасының шабандозы

– Мен бұл спортпен 2 жылдан астам уақыт бойы айналысып келемін. Әуелде картингтен бастағам. Осындай жеңістерім үшін бапкеріме алғыс айтамын.

Ал екінші сын ол Евгений үшін сәтті болмады. Өкінішке орай жол апатына ұшырап, жарысты тоқтатуға мәжбүр болды. Ал бұндай олқылықты Владислав Епимахов өз еншілігіне пайдаланып, мәреге бірінші болып келді.

Владислав Епимахов – Петропавл қаласы «Ходыкин» спорт клубының шабандозы

– Бүгін жауында өз ыңғайсыздығын тигізуде, жол тайғанақ, батпақ жүру қиын. Алғашқы жарыста ұтылып қалдым, екіншіде жолым болып бірінші келдім.

Жауын-шашынға қарамастан жанкүйерлерде бұндай жарысқа дән ырза.

– Біз көкшетаулық “Құлагер” командасына қолдау көрсетіп отырмыз. Барлығы жақсы, керемет. Ауа райы аздап ыңғайсыздық туғызуда, бірақ бұл сайыстың өтуіне еш кедергі келтірмеуде.
«Маленький мальчик: ауд. Мен машина жарыстарын ұнатамын. Бұнда түрлі апаттар болады. Дәл қазір мен өзіміздің Петропавл қаласының шабандоздарына қолдау көрсетудемін.

Сайыстың қорытындысы бойынша жасөспірімдер арасында 60 ұпаймен жерлесіміз Владсислав Епимахов айқын жеңіске жетсе, екінші дивизионда петропавлдық Иван Форш 90 ұпаймен мықты атанды. Жалпы командалық есепте петропавлдық “Лидер” командасы үздік үштікті тұйықтады. Ал екінші орынға көкшетаулық “Құлагер” табан тіресе, бірінші орынға, яғни бас жүлдеге жергілікті “Динамо-Лидер” құрамасы қанжығаларына байлады. Барлық жеңімпаздар медальдар, кубоктармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Риат Шони.