Энергетика

Қаланың 9 ауданында жылу құбырларын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Олег Перфилов – “Орта Азиялық Электрэнергетикалық Корпорация” АҚ вице-президенті.

– Қалалықтардың ұзақ уақыт бойы ыстық судан қағылуының басты себебі – біз жылу желілерін Петропавл 2-жылу электр орталығының насостары арқылы гидравликалық сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл арқылы құбырлардың беріктігі тексеріліп, олардың бойындағы ақаулар анықталады. Алайда, бұл шаруаға біраз уақыт қажет.

Осының салдарынан, Парк, Партизан көшелері аудандарындағы баспана иелері 2 айға жуық ыстық сусыз күн көруде. Энергетиктер оларды апта аяғына дейін қайта желіге қосуға уәде берді. Барлығы жылыту маусымы басталғанша облыс орталығында 10 шақырым 700 метрдей жылу құбырлары жөнделіп, ауыстырылмақшы.

Олег Перфилов – “Орта Азиялық Электрэнергетикалық Корпорация” АҚ вице-президенті.

– Құбырларды қысыммен тексерудің салдарынан қазір жоспардан сәл кешеуілдеп жатырмыз. Дегенмен, жөндеу, құбырларды ауыстыру жұмыстарын мерзімінде аяқтауға тырысамыз. Ол үшін ауа райы жақсы болғанда бригадаларды демалыс күндері шығарып, жұмыс уақытын ұзартудамыз. Ескірген құбырларды ауыстырумен қоса, қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда.

Қазіргі уақытта жоспарға кіргізілген жылу желілерінің 50 пайызындағы жұмыстар еңсеріліпті. Оған кәсіпорынның өз қаржысынан 164 млн. теңге бағытталыпты. Сондай-ақ, Еуропалық қалпына келтіру және даму банкінен алынған 2,7 млдрд. теңгеге жаңа желі төселіп жатыр. Бұл құбырлар жер астында 30 жылға шыдас беретін көрінеді. Сондай-ақ, жылумен қамтушы компания өкілдері жарамсыз болып қалған асфальтты қалпына келтіретіндерін айтты.

Шохтыбаева Гульмира.